ШҚО-да жол бойына тоқтау – қауіпті. Неліктен?

шартты сурет
Шығыс Қазақстан облысында 20-23 наурыз аралығында қар көшкіні жүруі ықтимал.
Алдағы күндері өңірде күн жылынып, жел күшейеді деп болжанды. Мамандардың айтуынша, мұндай ауа-райында қар көшкіні жиі болады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
«Тауға саяхаттаудан бас тартыңыздар. Тасжолдар бойында бірнеше қауіпті учаске бар. Сондықтан сапар кезінде көлікпен түсіп, жол бойына аялдауға болмайды», - деп жазылған ТЖД хабарламасында.
Өңірде аса қауіпті саналатын алты жол учаскесі бар:
Өскемен-Самар,
Өскемен-Алтай;
Согорное-Барлық;
Берел-Рахманов қайнары;
Зубовка-Путинцево;
Лениногорск-Чекмар кеніші.
Оқи отырыңыз