KZ
Өскемен
-13°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, З
519.61 610.13 6.54

Зейнетақы жүйесінде қандай өзгерістер болады?

30.03.2023, 17:11 438 Ләззат Қанатқызы

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап болашақ зейнеткерлер үшін жұмыс берушілерден қосымша зейнетақы жарналары енгізіледі.

Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрінің міндетін атқарушы Назгүл Сағындықова мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Жаңа Әлеуметтік кодекстің жобасы мемлекет басшысының қарауына ұсынылып, 1 шілдеден бастап күшіне енеді.

Ведомствоның мәліметінше, қазіргі жүйе зейнеткерлердің үш ұрпағын қамтитын болады. Құжатта базалық зейнетақының мөлшерін арттыру қарастырылған. 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап болашақ зейнеткерлер үшін жұмыс берушілерден қосымша зейнетақы жарналары енгізіледі.

- Өзгерістерде 1998 жылға дейін және 1998 жылдан кейін зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлер зейнетақы төлемдерінің негізгі бөлігін мемлекеттен, ал болашақ зейнеткерлер жинақтаушы зейнетақы жүйесінен алатын болады, - деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрінің міндетін атқарушы Назгүл Сағындықова.

Азаматтар белгіленген жеткіліктілік шегін емдеуге және тұрғын үй сатып алуға жұмсай алады. Салымшылар алынғаннан кейін қалған зейнетақы жинақтарының немесе барлық жинақталған соманың 50%-дан аспайтын бөлігін жеке басқаруға бере алады.

Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары бір жылда 11,4%-ға өсті. 1 наурыздағы жағдай бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының (алушылардың) жеке шоттарында 15,13 трлн теңге көлемінде зейнетақы жинақтары болды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу