ОПЕК+ елдері мұнай өндіруді қысқартқаннан кейін баға көтерілді

ОПЕК+ елдері мұнай өндіруді қысқартқаннан кейін әлемдік баға күрт көтерілді, деп хабарлайды Altaynews.kz ICE биржасының деректеріне сілтеме жасап.
Астана уақытымен 08.12-дегі мәлімет бойынша Brent маркалы мұнайдың маусымдық фьючерстерінің құны 5,42 пайызға өсіп, барреліне 84,22 доллар болған.
WTI мұнайының мамырдағы фьючерстері барреліне 5,59 пайызға өсіп, 79,90 долларды құрады.