Өскеменде сенбілік айлығы жарияланды

шартты сурет
Ертең облыс орталығында Комсомол аралында алғашқы жалпықалалық сенбілік болады.
Ұйымдастырушылар сенбілікке қатысамын деген тұрғындарға қолғап және қоқыс дорбаларын таратып береді, деп, хабарлайды Altaynews тілшісі.
– Биыл біз мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік сала қызметкерлерін жиынға тартпаймыз. Енді бірде-бір дәрігер, мұғалім немесе мемлекеттік қызметкер қоқыс жинаумен айналыспайды. Қаланың саябақтары мен көшелерін коммуналдық қызметкерлер тазартады. Ал үйдің ауласын тұғындар өздері тазартуы тиіс. Сондай-ақ, шағын және орта бизнес субъектілері де өз аумақтарын қадағалап отыруы тиіс, – деді Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар.
Комсомол аралындағы сенбілік 10.00-де басталады. Ұйымдастырушылар ең белсенді қатысушыларға сыйлық беруге уәде етті.
Оқи отырыңыз