Мерекеге орай қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды – ШҚО
ШҚО прокуратура органдарының қызметкерлері жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
Аталмыш акция 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Облыс аумағында 8 мамандандырылған балалар мекемесі бар, қазір онда 526 тәрбиеленуші тұрады. Шара барысында балалар үшін спорттық жарыстар, түрлі конкурстар мен ойындар ұйымдастырылып, олардың спорттық және шығармашылық таланттары, тапқырлығы мен ептілігі сынға түсті.
Сонымен қатар балалар шығармашылығының галерея-көрмесі, қолданбалы өнерлерінің үздік жұмыстары, сурет салу конкурсы да өткізілген.
Мекемелердің басшылығы мен педагогтары прокуратура қызметкерлеріне балаларға үнемі келіп, осындай іс-шаралары мен көрсеткен көмегі үшін үлкен алғыстарын білдірді.
Прокурорлар да өз кезегінде мекемелердің ұжымдарына қажырлы еңбектері үшін алғыс айтып, қамқорлыққа мұқтаж балаларға көмек көрсету әркімнің парызы екенін атап өтті.