KZ
Өскемен
-2°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
495.95 524.37 4.98

Кеден заңнамасын бұзған 22 жағдай анықталды – ШҚО

Ашық дереккөздерден алынған сурет

4.05.2023, 20:26 194 Ләззат Қанатқызы

ШҚО-да жыл басынан бері 36 кедендік тексеру жүргізіліп, кеден заңнамасын бұзудың 22 фактісі тіркелген.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз брифингінде ШҚО бойынша МКД тарифтік реттеу басқармасының басшысы Қазбек Қойшынов айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Ағымдағы жылдың 3 айында өңірде кеден заңнамасын бұзудың 22 жағдайы анықталып, нәтижесінде 517 мың теңге айыппұл салынды, 800 мың теңге көлемінде қосымша кедендік төлем мен салық өндірілген.

– Транзиттік декларация бойынша да барлығы 5 тексеру жүргізіп, 3 заңбұзушылық анықтадық. Тауарлардың жіктелуі мен кедендік құнының дұрыстығын бақылауды тауар шығарылғанға дейін де, кейін де кеден бекеттерінің мамандары жүзеге асырады. Басқарма қызметкерлері мемлекеттік қызметтерді толық көлемде және заңнамада белгіленген мерзімде көрсетіп отыр, – деп түсіндірді Қазбек Қойшынов.

Сонымен қатар тауар декларациясы бойынша 31 кедендік тексеру жүргізіліп, 20 заңбұзушылық тіркеліп, 17 әкімшілік іс қозғалған.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу