KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Өскеменде тағы да көлік отқа оранды. Оған не себеп?

Фото: ашық дереккөз

6.05.2023, 11:19 324

Төтенше жағдайлар департаменті өрттің неден шыққанын анықтады.

Өскемендегі көшелердің бірінде тағы да көлік өртенді. Соңғы кезде осындай оқиғалар жиілеп кеткені рас, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Себеп қандай, кім кінәлі? Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, көліктің қозғалтқыш бөлігіндегі электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған.

Департамент мамандарының мәліметінше, 1987 жылы шығарылған Volkswagen Golf маркалы көлік Назарбаев даңғылы бойында уақытша тұрақта тұрған кезде жалынға оранған.

 Мамандандырылған жасақтың өрт сөндіру бөлімшелері екі шаршы метр алаңдағы өртті жойды. Өрттің алдын ала себебі қауіптілігі жоғары агрегатпен абайсызда жұмыс істеу, қозғалтқыш бөлігіндегі электр сымдарының қысқа тұйықталуы, деді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіндегілер.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив