KZ
Өскемен
-15°
плотный туман Штиль
525.11 546.74 4.88

Отағасы іссапардан келгенде әйелі мен баласын өлі күйінде тапты - Өскемен

26.08.2020, 11:29 383

Өскемен қаласында су жылытатын құрылғының қысқа тұйықталуы салдарынан анасы мен баласына иіс тиіп, жан тапсырды

Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, таңғы сағат 05.00 шамасында «Родничок» бау-бақша қоғамдастығындағы жер үйде өрт шыққан. 

- Су жылытатын құрылғы сымдарының қысқа тұйықталуынан тұтанған жалынның жалпы аумағы 2 шаршы метрге жетті. Оқиға орнына өрт сөндірушілер жеткенше үй иесі иіс тию белгілерімен жатқан 1983 жылғы әйелі мен 2018 жылғы ұлын көреді. Отағасы екеуін сыртқа алып шыққан. Өкінішке қарай, жедел жәрдем қызметкеркері екеуінің өмірін сақтап қала алмады, - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Айта кетейік, өрттің шығуына – электр жабдықтарының апаттық жағдайда болуы немесе электр құрылғысын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамау себеп болуы мүмкін.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу