KZ
Өскемен
+5°
ясно жел 1,1 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

Жыл басынан бері 22 автокөлік өртенген – ШҚО

Фото: gov.kz

3.05.2023, 16:30 390

3 мамыр күні Өскемен қаласы Назарбаев даңғылындағы уақытша тұрақта 1987 жылы шыққан Volkswagen Golf маркалы автокөлігі өртенген.

Мамандар жыл басынан бері облыста 22 автокөлік өртенгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Мамандандырылған жасақтың өрт сөндіру бөлімшелері 2 шаршы метр аумақтағы өртті толықтай сөндірген. Алайда көліктің қозғалтқыш бөлігінің жанғыш бөлшектері, аспаптар панелі жанып кетті. Алдын ала болжам бойынша, өрт қозғалтқыш бөліміндегі электр сымдарының қысқа тұйықталуы және қауіптілігі жоғары агрегатты дұрыс қолданбау әсерінен пайда болған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив