«Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында екі жылда 4 мың сәби дүниеге келді
Екі жылда «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында 3 300 отбасында 4 мың сәби дүние есігін ашқан.
Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған 2030 жылға дейін ана мен бала денсаулығын сақтау қызметін дамыту тұжырымдамасында жазылған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Қазақпарат сайтына сілтеме жасап.
Сондай-ақ елімізде алдағы 7 жылға арналған ана мен бала денсаулығын сақтау қызметін дамыту тұжырымдамасы әзірленген болатын.
"2020 жылы Мемлекет басшысы өзінің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында елдегі отбасылық-демографиялық ахуал зор алаңдаушылық тудырып отырған мəселе екенін айтып, Үкіметке ЭКҰ квотаны 7 есе ұлғайтуды тапсырды. Осыған байланысты министрлік 2021 жылдан бастап жыл сайын отбасылық жұптарға ЭКҰ жүргізуге 7 000 квота берумен «Аңсаған сəби» арнаулы бағдарламасын іске асыруда. Осы бағдарламаның іске асырылуы кезеңінде (2021-2022 жылдары) 14 000 әйел квота алды. Нәтижесінде 3 300 отбасында 4 000 сәби дүниеге келді, шамамен 2 500 әйел жүктілігі бойынша қаралуда", делінген министрлік ақпаратында.
Оқи отырыңыз