Жаңа жыл қарсаңында елімізде 240 сәби дүниеге келді
Денсаулық сақтау министрлігі мереке түнінде елімізде 240 бала дүниеге келгенін мәлімдеді. Арасында егіз сәби бар, деп хабарлайды Altaynews.kz.
Министрлік өкілдерінің мәліметінше, 125 ұл және 115 қыз дүние есігін ашыпты.
Ең көп нәресте Түркістан облысында туылған - 44 бала, екінші орында - Атырау облысы, онда 29 бала дүниеге келсе, Алматыда 28 отбасы сәбилі болған. Ал Астанада 17 бала дүниеге келген.
Оқи отырыңыз