ШҚО-да ЭКО жасатуға биыл 500 квота бөлінген
Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, облыста ЭКҰ арқылы бала туу саны 2016 жылы – 81, 2017 жылы – 71, 2018 жылы – 79, 2019 жылы – 89, 2020 жылы – 101, 2021 жылдың сәуір айында – 28-ді құраған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Облыс бойынша 2019 жылы ЭКҰ рәсіміне 66 квота, 2020 жылы - 80 квотв, ал 2021 жылы «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша 500 квота бөлінген.
- ЭКҰ бағдарламасы бойынша жұмыс «Қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды жүргізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-272/2020 бұйрығына сәйкес қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды жүргізу қағидалары мен шарттарына сәйкес жүргізіледі, - дейді облыстық Денсаулық сақтау басқармасы.
Қазақстанда 2010 жылдан бастап экстракорпоралдық ұрықтандыруға квота бөлінеді. Осы уақытқа дейін жеті мыңға жуық ЭКО жасалған, нәтижесінде 3 000 бала туылды. 2019 жылы 902 квота, 2020 жылы 1105 квота бөлінген. 2021 жылы 7 000 квота беріледі. Қазақстанда ЭКО жасайтын 26 клиника бар, оның 21-і жекеменшік.
- Пациенттер тіркелген жері бойынша медициналық ұйымға жүгініп, бедеуліктің себебін анықтау үшін акушер-гинекологтың немесе уролог-андрологтың кеңесінен алуы керек. Қажетті тексеруден өтіп, қорытындысын алып, қосалқы репродуктивтік технологияларды көрсету үшін бедеулікке шалдыққан пациенттерді іріктеу және жіберу мониторингі жөніндегі өңірлік комиссиядан өтуі қажет, - дейді облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұрланғазы Ибраев.