KZ
Өскемен
-19°
туман жел 1 м/с, С
515.25 535.91 5.18

ШҚО-да «Жасөспірім» жедел-профилактикалық шарасы басталды

15.05.2023, 19:06 219 Ләззат Қанатқызы

Бүгіннен бастап облыс аумағында кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер ерекше бақылауға алынбақ.

ШҚО-да 15-17 мамыр аралығында «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Іс-шараның мақсаты кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтарды азайту және алдын алу.

 "Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлар құқық бұзушылықтар жасауға бейім кәмелетке толмағандарды, қараусыз және панасыз қалған балаларды, сондай-ақ қолайсыз отбасыларды анықтау бойынша рейдтер жүргізеді" дейді Өскемен полиция басқармасының баспасөз қызметі.

Ювеналды полиция инспекторлары жастар көп жүретін жерлерде, яғни компьютерлік клубтарға, көшелерге, саябақтарға, аулаішілік аумақтарға, сауда орталықтарына, дискотекалық мекемелерге, дүкендерге және кеш жұмыс істейтін фаст-фудтарға тексеру жүргізбек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу