ШҚО-да «Абайлаңыз, балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды
Облыс аумағында 15 мамырдан бастап «Абайлаңыз, балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.
Аталмыш шараның басты мақсаты – балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жасөспірімдер мен балалардың көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріс-тұрысына байланысты дағдыларын нығайту, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
"Кәмелетке толмаған жолаушыларды қауіпсіз тасымалдау мәселелері бойынша үгіт-насихат жұмыстарына ерекше назар аударамыз", дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Айта кетейік, 2023 жылдың төрт айында өңірде кәмелетке толмағандардың қатысуымен 21 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Бұл ретте 1 бала қаза тауып, 23 бала жарақат алды. Жол апатының барлығы жүргізушілердің кінәсінен болған.
Оқи отырыңыз