Жаяу жүргіншіні өткізіп, "лайк" ал! ШҚО-да "Жолдағы балалар қауіпсіздігі" шарасы басталды
ШҚО-да 14-23 ақпан аралығында "Жолдағы балалар қауіпсіздігі" атты жедел алдын алу іс-шарасы өтуде.
"Жолдағы балалар қауіпсіздігі" жедел алдын алу іс-шарасы барысында жас инспекторлар ШҚО ПД ЖПҚБ қызметкерлерімен бірге жаяу жүргіншілерге жол берген сыпайы жүргізушілерге алғыс білдіре алады.
Іс-шараға қатысушылар бас бармағын жоғары көтеріп, тәртіпті жүргізушілерге алғыс айтып, "Лайк"жапсырмасын беріп, алғыс айтты.
- Акцияның мақсаты - балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу, балалардың көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріс-тұрысымен байланысты дағдыларды бекіту, кәмелетке толмағандардың кінәсінен және қатысуымен ЖКО-ның алдын алу,-деп атап өтті Талғат Нуриев ШҚО ПД ЖПҚБ басшысы.
Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысында барлығы 600-ден астам мектеп бар және әрбір 4-ші мектеп жолдың бойында орналасқан.
