KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 1,4 м/с, ОШ
442.05 474.14 4.74

Жалған нөмірлі Lexus-тің иесі екі тәулікке қамалады – ШҚО

23.05.2023, 11:08 341 Оразай Жеңісұлы

Мемлекеттік тіркеу нөмірі жалған көліктің иесі екі тәулікке қамауға алынады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, облыс орталығында мемлекеттік тіркеу нөмірі жалған көлікпен жүріп, үш миллион теңгеге жуық айыппұл жинаған жүргізуші ұсталды.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі 46 рет жол ережесін бұзып, 2 млн 287 мың теңге айыппұл арқалаған жүргізушінің ҚР ӘҚБтК 590-бабының 2, 3 және 4-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын, іс сотқа жолданғанын мәлімдеген еді.

Ал бүгін Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған соты 29 жастағы тұрғынды ҚР ӘҚБтК 590-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 2 (екі) тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу және 1 (бір) жыл көлік құралын басқару құқығынан айыру туралы шешім шығарды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив