KZ
Өскемен
-3°
пасмурно жел 2 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Мас адамға көлігін беріп, 20 тәулікке қамалды – Өскемен

7.10.2020, 15:04 195

Патрульдік полиция батальоны мас жүргізуші ұстады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қыркүйек айының ортасында патрульдеу кезінде патрульдік полиция батальонының инспекторларымен мас күйінде көлік жүргізген Mercedes Benz көлігінің жүргізушісі анықталған.

Құжаттарын тексеру кезінде автокөліктің заңды иесі де салонда «қызу» болыпты. Бірақ көлік қожайыны бұған дейін де заң бұзып, автокөлік құралын басқару құқығынан 3 жыл мерзімге айырылған екен.

- Соттың қаулысымен автокөлік иесі ҚР ӘҚБтК 608 бабы 6 бөлігінде қарастырылған Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, ал мас жүргізуші 15 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға автокөлік жүргізу құқығынан айырылды, - деді ШҚО Полиция департаментінің бастығы Сағат Мәдиев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу