KZ
Өскемен
-18°
ясно жел 1 м/с, С
530.24 543.97 5.16

Өзен-көлден 44 тонна тұрмыстық қалдық сүзілді – ШҚО

шартты сурет

26.05.2023, 11:10 280 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстан облысында табиғат қорғау акциясы аясында айдындардан 43,7 тонна тұрмыстық қалдық жиналды.

Бұл туралы «Зайсан-Ертіс» облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Талғат Рахымжанов өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында болған баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

«Өңірде 1 мамырдан бастап «Таза су айдындары» табиғат қорғау акциясы өткізіліп жатыр. Шараның негізгі мақсаты – балық шаруашылығы су айдындарының жағалауларын тыйым салынған балық аулау құралдарынан, тұрмыстық қалдықтардан тазартып, балықтардың және басқа да су жануарларының қолайлы уылдырық шашуын қамтамасыз ету. Бүгінге дейін акцияға 352 адам қатысып 43,7 тонна тұрмыстық қалдық жиналды», – деді Т.Рахымжанов.

Шара барысында 72 автокөлік, 10 түрлі техника, 26 жүзу құралы пайдаланылды. Акцияға инспекция мамандары, табиғат пайдаланушылар, қорықшылар, қоғамдық бірлестік өкілдері, жергілікті атқарушы орган мамандары және тұрғындар тартылған.

Сонымен қатар браконьерлер су айдындарының түбіне тығып тастаған жалпы ұзындығы 35 мың метрге жететін 350 дана құрма ау шығарылды.

«Таза су айдындары» табиғат қорғау акциясы 31 мамырға дейін жалғасады. Жалпы, осы кезеңде уылдырық шашатын айдындарда моторлы қайықтармен және басқа да жүру құралдарымен жүруге тыйым салынған», – деді Т. Рахымжанов.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу