ШҚО-да 100-ге жуық адам балық аулау ережесін бұзды
![](/kz/uploads/posts/2023-05/202008121418.webp)
Шартты сурет
Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Зайсан-Ертіс облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Талғат Рахымжановтың қатысуымен брифинг өтті.
Оның айтуынша, балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасына сәйкес облыс бойынша 9774 тонна тауарлы балық өсіру жоспарланған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Өңір бойынша бағдарламаны іске асыруға тауарлы балық өсіру жұмыс істеп тұрған 10 шаруашылық пен 7 жаңа тор қоршама және 13 көлдік тауарлы балық өсіру шаруашылығы арқылы жету көзделген. 2023 жылы облыста тауарлы балық өсіру 2846 тоннаны құрайды деп жоспарланған. Шығыс Қазақстан облысында 4 жоба іске асырылып жатыр.
Бұдан бөлек құқық бұзушылардан 7 бірлік қайық, 49 дана аулау құралдары мен 707,416 келі балық тәркіленген. Балық шаруашылығы комитетінің 2023 жылғы 16 қаңтардағы бұйрығын орындау мақсатында облыста мамырдың 1 мен 31 аралығында «Таза су айдындары» табиғат қорғау акциясы өткізілуде. Шараның негізгі мақсаты – балық шаруашылығы су айдындарының жағалауларын, су айдындарын қолдануға тыйым салынған балық аулау құралдарынан, тұрмыстық қалдықтардан тазартып, балық түрлерінің қолайлы уылдырық шашуын қамтамасыз ету.