Күштік органдардың 39 қызметкері азаптау әрекеті үшін жауапқа тартылады - Бас прокуратура

Фото: gov.kz
Бас прокуратура полиция ғимараттары мен ҚАЖК мекемелеріндегі тексерулер туралы айтты, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Азаптаудың алдын алу бойынша маңызды қадамдардың бірі полицияның пенитенциарлық мекемелері мен қызметтік үй-жайларында үздіксіз бейнебақылауды енгізу болып табылады.
"Бас прокуратура полиция ғимараттары мен ҚАЖК мекемелерінде тексеру кезінде бейнекамералармен қамтылмаған 5812 учаске мен үй-жайлар және 900 жұмыс істемей тұрған камераны анықтады.
Прокуратураның ұсынысы бойынша "Көрінбейтін аймақтарды" болдырмау үшін 3783 қосымша бейнекамера орнатылды. Ғимараттарды толық жарақтандыруды жыл аяғына дейін аяқтау жоспарланып отыр", делінген хабарламада.