KZ
Өскемен
-11°
плотный туман жел 1 м/с, СШ
505.53 593.44 6.34

Өскемен ЖЭО-да жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Суреттер: Ермек Имангазинов

8.06.2023, 15:39 305 Оразай Жеңісұлы

Қала әкімі Жақсылық Омар Өскемен ЖЭО-ның алдағы жылыту маусымына дайындығын тексерді.
Өскеменді жылумен қамтамасыз етіп отырған аталмыш орталықты жөндеуге 7 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалмақ. Бұл туралы «Өскемен ЖЭО» ЖШС бас директоры Айдын Бексолтан мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Didar ақпаратқа сілтеме жасап.

– «Өскемен ЖЭО» – облыстағы ең ірі жылу электр орталығы. Қазір станцияда тоғыз қазандық агрегаты және сегіз турбина агрегаты жұмыс істейді. Біз жыл сайын жылыту маусымы аяқталғанда ЖЭО-ның тозығы жеткен жабдықтарын алмастырып отырамыз, – дейді «Өскемен ЖЭО» ЖШС бас директоры Айдын Бексолтан. 

Шаһар басшысы орталықтағы жөндеу жұмыстарының алдағы жылыту маусымына дейін толық аяқталуын қадағалауды тапсырды.

– «Өскемен ЖЭО» қаланың 80%-ын жылумен қамтамасыз етеді. Біздің басты мақсатымыз – жаз айын тиімді пайдаланып, ЖЭО-ның жөндеу жұмыстарын 15 қыркүйекке дейін аяқтау. Бұл жердің жұмыстары біздің бақылауда. Қаламызда өткен жылдағыдай мәселе болмауы тиіс, – деді Жақсылық Омар. 

Айта кетелік, қазір мұнда 250-ден аса адам жөндеу жұмыстарымен айналысып жатыр.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу