KZ
Өскемен
+1°
снег жел 5 м/с, Ю
491.71 529.97 5.05

ШҚО-да құтқарушылар бүлдіршіндерге маңызды ережелерді түсіндірді

9.06.2023, 10:05 261 Оразай Жеңісұлы

Төтенше қызмет өкілдері бүлдіршіндерге маңызды ережелерді түсіндірді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Өрт шыққан кезде ересек адамдар сыртқа немесе қауіпсіз орындарға ұмтылады. Ал балалар көп жағдайда тығылатын орын іздей бастайды.

Олар төсектің асты, шкафтың іші немесе түпкі бөлмелерге тығылып жатады. Бұл – қате әрекет. Алайда мұны бала қайдан білсін?! Сондықтан ата-аналар міндетті түрде балаларда қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруы керек.

Жуырда Тарбағатай ауданының төтенше жағдайлар бөлімі мен 15-ші өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы Ақжар ауылындағы «Балауса-Балғын» бөбекжайында болып, ондағы «Балдәурен» тобымен Ашық есік күнін өткізді. 4-5 жасар есбілер бүлдіршіндерге өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелерін түсіндіріп, су қауіпсіздігі, қауіпті заттар жайлы жан-жақты ақпарат берді.

Сонымен қатар бүлдіршіндердің өрт қауіпсіздігі бойынша салған суреттері бағаланып, грамотамен марапатталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив