KZ
Өскемен
-5°
туман жел 1 м/с, С
530.12 546.08 5.17

Табиғат. Кәуәп. Өрт. ТЖД қауіпсіздік ережелерін түсіндірді

9.04.2023, 15:53 445 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары табиғат аясындағы демалыстың соңы өртке ұласпас үшін не істеу керектігін түсіндірді.

Дәлірек айтсақ, мамандар кәуәп әзірлеудегі қауіпсіздік ережелері туралы айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. 

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 5 сәуірде өрт қаупі жоғары кезең басталды. Бұл кезеңде көп жағдайда саяжай учаскелерінің аумағында өрт шығады.

«Мұның негізгі себептері – отпен абайсыз әрекет ету, сөндірілмеген темекі тұқылы, шөп өртеу және қауіпсіздік талаптарына сәйкес орнатылмаған мангал. Заң бойынша далада кәуап пісіруге тыйым салынбаған. Бірақ міндетті түрде өрт қауіпсіздігі ережелері сақталуы керек»,  делінген ақпаратта.

Осы ретте, құтқарушылар қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп өтті:

- мангалды тек жанғыш қоқыстардан тазартылған арнайы бөлінген алаңға орнату керек;

- құрылыстар мен ғимараттардан қашықтық кем дегенде 10 метр болуы керек;

- от тұтану үшін бензинді немесе басқа жанғыш сұйықтықты пайдаланбаңыз;

- от жанып жатқан мангалды қараусыз қалдырмаңыз;

- желді ауа райында от жағуға болмайды;.

- жақын жерде өрт сөндіргіш немесе су құйылған бөшке болуы тиіс.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу