KZ
Өскемен
+21°
ясно жел 3 м/с, ОБ
441.58 480 4.86

Абай облысында 5 учаскеде өрт сөндіріліп жатыр

Сурет: instagram/semey_city_

11.06.2023, 11:30 186 Оразай Жеңісұлы

Абай облысында 5 учаскеде өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйеніп.

Қазіргі уақытта өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар министрлігінің Орман шаруашылығы комитетінен, ЖАО және Қорғаныс министрлігінен 1 500-ге жуық адам, 290-нан астам техника жұмылдырылды.

Өртті сөндіру жұмыстары басталғаннан бері өрт ошақтарына әуеден 486 рет жалпы көлемі 1 000 тоннаға жуық су ағызылды.

Алматы қаласы, Алматы облысы төтенше жағдайлар департаменттері жіберген күштер мен құралдар, Қарағанды және Алматы облыстарының ҚР ТЖМ әскери бөлімдерінің әскери қызметкерлері өртті сөндіруге кірісті. Арнайы жіберілген жылжымалы басқару пункті өз функциясын атқарып жатыр.

ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының бригадасы қажет болған жағдайда шұғыл медициналық көмек көрсетуге дайын.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив