Абай облысында 30 мың гектар орман өртеніп жатыр
Сурет: :instagram.com/glpr.semeyormany
Абай облысында 6 учаскеде өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Орман шаруашылығы комитетінің ақпаратына сүйенсек, өрт ауданы - 30 000 гектар.
Қазіргі уақытта өртті сөндіруге ТЖМ, Орман шаруашылығы комитетінен, жергілікті атқарушы органдардан және Қорғаныс министрлігінен 600 аса адам, 168 техника жұмылдырылған,
6 тікұшақ тартылды, өрт аумағын аэровизуалды тексеру және өрт ошақтарына су ағызу жүзеге асырылып жатыр. Өрт ошақтарына әуеден 55 рет су төгілді, жалпы көлемі 154 тонна болады.
«Министр Абай облысындағы өртке және өртті сөндіруге тартылған күштер мен құралдарды үйлестіру қажеттілігіне байланысты Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарын тоқтатты. Министр ТЖМ Дағдарыс жағдайында басқару орталығындағы штабты жеке өзі басқарады», делінген хабарламада.