KZ
Өскемен
-12°
плотный туман Штиль
498.51 522.84 4.81

Семей орманындағы өртті сөндіруге өңірлерден әскерилер тартылды

10.06.2023, 10:10 325 Оразай Жеңісұлы
Төтенше жағдай министрі Юрий Ильиннің өкіміне сәйкес бүгін таңғы сағат 4-те өрт орнына Қарағанды мен Алматы облыстарынан 52859 және 28237 әскери бөлімдерінің қызметкерлері аттанды. 

Қазіргі уақытта Абай облысында 3 учаскеде: Поднебесное, Успенка ауылдарында, Каштак орманшылығында өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Аэровизуалды тексеру жүргізілу үстінде.

Сонымен қатар өрт орнына арнайы байланыс құралдарымен жарақтандырылған жылжымалы басқару пункті қосымша жіберілді.

Басқару органы ол жерден төтенше жағдай аймағындағы өз функцияларын атқара береді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу