Орман шаруашылығындағы өрт оқшауланды – ШҚО
Кеше кешке Ұлан ауданындағы «Асубұлақ орман шаруашылығы» КММ аумағында өрт тұтанған еді. Тілсіз жау бес гектарға жуық жерді шарпып үлгерген.
Бүгін кешкі сағат төрт шамасында өрт сөндірілді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Өрт таулы аймақта өршігендіктен, орманшылар десанты Шығыс Қазақстан облысы Авиациялық бөлімшесінің МИ-8 тікұшағымен су жеткізді.
«Арқаға ауыр жүк байлап алып жұмыс істеуге тура келді. Аспалы өрт сөндіргіштің салмағы шамамен жиырма келі. Түтінге тұншыққанда бұл әжептәуір салмақ болады. Құтқарушылар өз өмірлерін қатерге тігіп, ойлы-қырлы, тастақты жерде зор күшпен әрекет етті. Осындай қиындықтарға қарамастан орманшылар мен өрт сөндіру қызметінің мамандары бірлесіп өртті өшірді», - деп мәлімдеді ШҚО ТЖД Өрт сөндіру қызметі бастығының орынбасары Болат Нұрдыбаев.
8 техникамен «қаруланған» 55 маман өрт әбден өшкенше аумақты бақылауда ұстап тұрады.