ШҚО-да өрттің негізгі бөлігі ауыздықталды
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі 12 қыркүйектегі өрт жағдайын мәлімдеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
10 қыркүйек күні сағат 09.00-де 1900 Га жуық алаңда Алтынбел ауылынан 12 шақырым жерде, "Большенарым орман шаруашылығы" КММ, Ново-Березовка орманшылығының аумағындағы өрт ауыздықталды.
- 11 қыркүйек күні сағат 17.00-де 1800 Га алаңда Күршім ауданында "Марқакөл орман шаруашылығы" РММ, Бобровка орманшылығы және Төсқайың ауылдық округінің аумағында өрт сөндірілді. Барлығы ШҚО ТЖД өрт сөндірушілері, орманшылар мен жергілікті атқарушы органдардың, полиция қызметкерлерінің 255 адамы мен 29 техникасы жұмылдырылды. Оқиға орнында облыс әкімдігінің МИ-8, ҚР ТЖМ МИ-171 және "Еврокоптер"- "Қазавиақұтқару", сондай - ақ ҚР Қорғаныс министрлігінің МИ-17 4 тікұшағы жұмыс істеді, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Ал, бүгін таңғы сағат 6.40 шамасында Құйған ауылдық округінің аумағында құрғақ шөп жанған "Заря" учаскесіндегі өрт ауыздықталды. Өрттің алдын ала аумағы 2000 Га құрады.
Алтай ауданында "Зырян орман шаруашылығы" КММ және "Быков орманшылығы" аумағындағы бұталар мен шөптерді жергілікті атқарушы органдар, орманшылар, "Қазавиаорманқорғау", ШҚО ТЖД өрт сөндірушілері таулы жерлерде шамамен 2400 Га алаңда сөндіруде. Елді мекендерге қауіп жоқ. ШҚО ТЖД-да және өрт болған жерде жедел штабтардың жұмысы ұйымдастырылған. Өртті сөндіруге барлығы 207 адам мен 29 техника жұмылдырылды.