KZ
Өскемен
-14°
туман жел 1 м/с, СШ
495.28 518.41 5.44

Алтай ауданында құтқарушылар «қасқана қойылған» өртті өшірді

30.04.2020, 05:33 306

Алтай ауданындағы өртке қарсы қызмет мамандары өрт сөндіру бойынша оқу-жаттығу өткізді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Мұндай шаралар орманды алқаптарды және мемлекеттік орман қорының аумағын тілсіз жаудан қорғау мақсатында өткізіледі.

Оқу-жаттығудың алдын ала дайындалған жоспары бойынша, мемлекеттік орман қорының аумағында өрт шығыпты-мыс. Жалын 50 шаршы метр аумақты шарпыған. Оның үстіне жел өртті өршіте түскен. Құтқарушылардың кезекші тобы тілсіз жауға төтеп бере алмай, орман шаруашылығынан және Алтайдың №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінен қосымша көмек шақыртады. Құтқарушылар бірлесіп өртті сөндірді.

– Оқу-жаттығу сәтті өтті. Барлық қызметкерлер жедел, ұқыпты жұмыс істеді, – дейді ШҚО Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының «Зырян орман шаруашылығы» КММ директорының орынбасары Николай Недоростков.

   

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу