KZ
Өскемен
-2°
туман Штиль
478.96 533.03 5.22

Қазақстанның сейсмологтары тағы бір жер сілкінісін тіркеді

Фото: egemen.kz

14.07.2023, 11:20 187 Ләззат Қанатқызы

14 шілдеге қараған түні Алматыдан 823 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді.

Тәжікстанда болған магнитудасы 5,2 жерасты дүмпулері Қазақстанда сезілген жоқ, деп хабарлайды Altyanews тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

14 шілде күні сағат 02:49-да Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 823 шақырым жерде Тәжікстан аумағында жер сілкінісі болды. Бұл туралы сейсмологтар айтты.

  • Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 12.5.
  • MPV магнитудасы - 5,7.
  • Тереңдігі - 35 км.
  • Cезілгені туралы ақпарат (MSK-64 шкаласымен) жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, 13 шілдеде Күршім ауылының тұрғындары 3 балдық жер сілкінісін сезінді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 772 шақырым жерде Шығыс Қазақстан аумағында тіркелді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив