KZ
Өскемен
туман Штиль
515.18 570.66 6.06

Өскеменде 2 балдық жер сілкінісі болды

30.07.2022, 08:03 386
Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісі 29 шілде күні Алматы уақытымен 19 сағат 01 минут 04 секундта тіркелді. Зілзала ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 1376 шақырым жерде, Ресей мен Моңғолияның шекарасында орналасқан. Энергетикалық санаты – 13,9. MPV тербелісі – 5,9. Тереңдігі – 05 шақырым. Жерасты дүмпуі Өскеменде МSК-64 шкаласы бойынша 2 балл деңгейінде сезілді.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу