Қор нарығында доллар қымбаттады
Фото: toppress.kz
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 2,71 теңгеге қымбаттады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Қазақпарат сайтына сілтеме жасап.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы 446, 48 теңге.
Ұлттық банктің 14 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 443,40 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған құны - 4,92 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 446 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 447,50 теңге.
Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 442,50 теңге, сатып алу құны– 446,50 теңге.
Ресей рублі 4,87 – 5,05 теңге аралығында саудаланып жатыр.