KZ
Өскемен
-7°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
509.94 593.88 6.43

Қор нарығында доллар қымбаттады

Фото: turantimes.kz

10.07.2023, 17:27 319 Ләззат Қанатқызы

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,87 теңгеге қымбаттады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 444, 89 теңге.

Ұлттық банктің 10 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 443,84 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны – 4,90 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 445,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 448 теңге.

Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 442,40 теңге, сатып алу құны – 446,5 теңге.

Ресей рублі 4,87 - 5 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу