KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 2 м/с, Ю
485.11 523.82 5.02

Абай облысында құрғақ шөптен шыққан өрт оқшауланды

Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

17.07.2023, 10:25 106 Ләззат Қанатқызы

17 шілде күні 07:14 шамасында Көкентау ауылдық округінде құрғақ шөптің жануы басылды.

Жергілікті атқарушы органдардың ақпараты бойынша, жалын шарпыған аймақ 3 000 гектарды құрайды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта өрт сөндіру жұмысы жерүсті әдісімен жүзеге асырылып жатыр.

Елді мекендерге қауіп жоқ.

Тілсіз жаумен күреске жергілікті атқарушы органдардың, Абай облысы ТЖД және 68303 әскери бөлімінің күш-құралдары, барлығы 115 адам және 18 техника жұмылдырылды.

Естеріңізге сала кетейік, 15 шілде күні «101» пультіне Семей қаласынан 75 км жерде Көкентау ауылдық округінде таулы жерде құрғақ шөптен өрт шыққаны туралы хабар түскен болатын.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив