KZ
Өскемен
+21°
ясно жел 4 м/с, З
479.05 534.57 5.17

2,5 мың сарбаздың несиесі кейінге шегерілді — министр

Фото: Ақорда

25.07.2023, 19:00 267 Оразай Жеңісұлы
Мемлекет басшысы қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдады, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап.

Руслан Жақсылықов әскерге шақырылатын азаматтарға кредиттік демалыс беру және білім алуға жеңілдіктер жасау үшін қабылданып жатқан шаралар туралы айтты.

"Бүгінде 2,5 мың сарбаздың несиесі кейінге шегерілді және әскери қызметін өтеген 1,5 мың жауынгерге жоғары оқу орындарында оқуға орын бөлінді. Жыл басынан бері мерзімді әскери қызметін өтеп, запасқа шығарылған 700-ге жуық сарбаз жүргізуші, механик, машинист, слесарь, аспаз және еңбек нарығында сұранысқа ие басқа да мамандықтар бойынша білім алды",  делінген хабарламада.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Қарулы күштердің жауынгерлік дайындығын күшейту мәселесіне баса мән бере отырып, бірқатар тапсырма берді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив