Қазақстандықтардың орташа жалақысы 365 502 теңге болды

Фото: mobillegends.net
Білім беру саласында орташа айлық жалақының өсуі 10,2%, денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсетуде 15,6% болды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Ұлттық статистика бюросының ресми сайтында жарияланған деректерге сілтеме жасап.
"2022 жылғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең жоғарғы өсімі ақпарат және байланыс саласында – 36%, көлік және қойма саласында – 24,6%, ауыл, орман және балық шаруашылығы саласында – 23,7%, көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу саласында – 21,8%", – деп жазылған Ұлттық бюроның ресми сайтында.
Бюро жариялайтын орташа жалақы туралы ақпарат бір қызметкердің есептелген жалақысының орташа мөлшерін көрсетеді, яғни барлық қосымша ақылар, үстемеақылар, сыйақылар, салықтар және зейнетақы аударымдары ескеріледі.