Шығысқазақстандық тұрғын 73 жасында жеке куәлік алды
Фото: Polisia.kz
ШҚО-ның 73 жастағы тұрғыны алғаш рет жеке куәлік алды.
Қарияның жеке басын куәландыратын құжатты рәсімдеуге Глубокое полиция бөлімі көші-қон қызметінің қызметкерлері көмектескен, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Ол 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспортын жоғалтып алған. Полицейлер Қазақстан азаматтығына жататынын растау үшін қажетті құжаттарды жинауға көмек көрсетіп, ҚР азаматының жеке куәлігін ресімдеді. Енді ер адам жасына байланысты зейнетақы алып, маңызды әлеуметтік және медициналық қызметтерді ала алады.
Оқи отырыңыз