KZ
Өскемен
пасмурно жел 3 м/с, З
487.42 531.39 5.04

52 жастағы тұрғын туғалы бері жеке куәліксіз жүрген – ШҚО

Фото: Шартты сурет

24.05.2023, 12:00 377

12 мамыр күні 52 жастағы ШҚО тұрғыны алғаш рет жеке куәлік алған. Облыс тұрғынына жеке куәлікті рәсімдеуге Өскемен қаласы ПБ көші-қон қызметінің мамандары жәрдемдесті.

Азамат 1970 жылы Өскемен қаласында туғандығын жеткізген. Ата-анасы да ҚР азаматтары болған. Алайда қиын жағдайға тап болғандықтан ата-анасының да, өзінің де құжат алуға мүмкіндігі болмаған, деп хабарлайды Altaynews polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Көші-қон қызметкерлері аймақ тұрғынына азаматтықты растау үшін қажетті құжаттарды жинауға көмек көрсеткен.

Дерекке сүйенсек, енді маңызды қызметтерді алу жеңілдейді, оның ішінде әлеуметтік және медициналық қызметтер де бар.

Жыл басынан бері облыс аумағында 35-тен астам адам жеке куәлік алып, ҚР азаматы мәртебесіне ие болды.  

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив