KZ
Өскемен
-7°
пасмурно жел 6 м/с, ОШ
513.55 602.09 6.42

ШҚО-да Қорғаныс істері департаментіне жаңа басшы тағайындалды

5.09.2023, 12:19 877 Ләззат Қанатқызы

ҚР Қорғаныс министрінің бұйрығына сәйкес ШҚО Қорғаныс істері департаментінің басшысы болып подполковник Қожамқұлов Арман Есполатұлы тағайындалды.

Арман Есполатұлы – Алматы облысының тумасы, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Әскери  еңбек жолы 1998 жылы басталды.

2018-2022 жылдар аралығында Алматы облысы Қапшағай қаласындағы әскери бөлімде бірнеше ботальонның командирі, әскери бөлімнің жасақтау бөлімшесінің бастығы қызметін атқарған.

2022-2023 жылдары Астана қаласы Қорғаныс істері департаментінің штаб бастығы - департамент бастығының бірінші орынбасары болды.

Шығыс Қазақстан облысы Қорғаныс істері департаментінің бастығы өзінің лауазымдық міндеттеріне 5 қыркүйектен бастап ресми түрде кірісті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу