KZ
Өскемен
-2°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СБ
494.87 520.65 4.91

Көктемгі әскерге шақыру - нақты тапсырмалар

12.03.2021, 10:15 481

Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандарының Қорғаныс істері жөніндегі басқармалар мен бөлімдердің бастықтарымен, көктемгі әскери қызметке шақыру бойынша нұсқаулық-әдістемелік сабақ өтті.

 

Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы полковник Қайырбек Қайырхановтың басшылығымен өткен жиында ҚР Қорғаныс министрі, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру және жұмылдыру жұмысы департаменті бастығы мен ШҚО ҚІД бастығының талаптары жеткізіліп, нақты тапсырмалар қойылды.

- Жиынның мақсаты 2021 жылғы көктемгі әскери қызметке шақыру науқанын сапалы түрде ұйымдастырып, белгіленген көрсеткіштерге қол жеткізе отырып, жоспарды тиянақты орындау. Бірінші кезеңде Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің бөлімдерін жасақтау үшін командалар іріктеледі. Келесі кезеңдерде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, ҚР Ұлттық ұланының және Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімдерін жасақтау үшін командалар қалыптастырылатын болады, - дейді ШҚО қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары полковник Еркеш Бекбаев.

Іс-шара соңында ШҚО жергілікті әскери басқару органдарының әскери қызметшілері көрсеткіш нәтижелеріне сәйкес грамоталармен марапатталды.

Айта кетейік, жиынға Өскемен гарнизонының әскери прокуроры әділет полковнигі Жанболат Аекенов пен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жігер Байділдин қатысты.

 

Өскемен гарнизонының баспасөз қызметі


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу