ШҚО: Мектептерде хиджаб кию мәселесі талқыланады
Фото: 7-su.kz
Соңғы кездері әлеуметтік желілерде мекепте оқушылардың хиджаб кию мәселесі жиі талқыланып жатыр. ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бұл мәселе төңірегінде түсініктеме берген болатын.
Министр құқықтық-нормативті актілер әр оқушыға мектеп қабырғасында арнайы бекітілген форма киюді міндеттейтінін де атап көрсеткен, депхабарлайды Altaynews тілшісі.
- Ата заңымызға сәйкес Қазақстанда дін мемлекеттен бөлінген. Сөз жоқ, мемлекет дін бостандығына кепілдік береді. Бірақ біз - зайырлы елміз! Сол үшін де мемлекеттік саясаттың барлық мәселелері діни пәтуалармен емес, азаматтық нормалармен реттеледі. Құқықтық-нормативті актілер әрбір оқушыға мектеп қабырғасында арнайы бекітілген форма киюді міндеттейді. Өйткені білім беру ерекшелігі бірыңғайлықты талап етеді, - деді Аида Балаева.
Жаңа оқу жылына дайындық бойынша өткен баспасөз брифингінде ШҚО білім басқармасының басшысы да осы мәселе төңірегінде өз ойын білдірді.
- Мектеп - бұл бала білім алатын мекеме. Ал діни наным-сенім мен салт-дәстүр - әр адамның жеке таңдауы. Сондықтан біз ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізетін боламыз, - деді ШҚО білім басқармасының басшысы Иннеса Чернышева.
Оқи отырыңыз