KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, СБ
444.14 477.05 4.85

Алаяқтар онлайн-дауыс беруге шақырып халықты алдауда

Фото: egemen.kz

16.09.2023, 23:03 117 Ләззат Қанатқызы

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде Қазақстанда алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғаны туралы ақпарат тарады.

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде Қазақстанда алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғаны туралы ақпарат тарады.

Желі пайдаланушыларына конкурсқа қатысып жатқан балаға немесе таныстарға дауыс беру өтінішімен сілтеме жіберіледі. Сол арқылы аккаунттарға кіркі немесе ақша ұрлауы мүмкін, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл алаяқтық схемасы туралы тамыз айында ресейлік пайдаланушылар да ескерткен болатын. Яғни, дауыс беретін сілтеме жіберілгенде телефон нөмірін және оған келген кодты енгізуді талап ететін парақша ашылады. Кейін адамдар What’sApp аккаунттарын басқара алмай қалған, ал контактілерінің барлығына дерлік автоматты түрде дауыс беру туралы ақпарат жіберілген.

Алаяқтардың құрығына түскендердің кейбірі телефон нөмірін де, кодты да енгізбегенін, бірақ сілтеме арқылы өткеннен кейін бірден аккаунтты жоғалтыр алғандарын айтқан.

Зардап шеккендердің айтуынша, алаяқтар оның басқа да аккаунттарын, соның ішінде мемлекеттік ресурстардағы аккаунттарын бұзуға тырысқан.

Сондықтан күмәнді сілтемелер арқылы дауыс бермегеніңіз дұрыс. Егер танысыңыз өтініш білдірсе, нақты аккаунт екеніне көз жеткізіп алыңыз.

Сондықтан күмәнді сілтемелер арқылы дауыс бермегеніңіз дұрыс. Егер танысыңыз өтініш білдірсе, нақты аккаунт екеніне көз жеткізіп алыңыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив