Риддер мен Екібастұз жылу маусымына дайын ба?
Фото: qaz.ulysmedia.kz
Энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов ведомствода өткен брифингі кезінде Екібастұз бен Риддердің жылу беру маусымына дайындығын сөз етті.
Вице-министрдің айтуынша, биылғы жылу маусымынада екі қалада да проблема туындамауы керек, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
- Энергетиктердің айтуынша, бұл қалалар уақытында жылуға қосылуы тиіс. Шынымды айтсам, мен энергетик емеспін. Энергетика блогындағы әріптестерім адамдарды жылумен қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынын білемін. Риддердегі ЖЭО-ның бүгінгі таңдағы мазут қоры 180 мың тоннаны құрайды, бұл - қазандықтарды іске қосу-реттеу жұмыстарын жүргізуге жеткілікті көлем. Қалған көмір қоры 8 000 тоннаны құрайды, - деп атап өтті спикер.