KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 2 м/с, СБ
487.24 529.34 5.02

Тағы бір кен орнында жұмысшы қаза тапты

Сурет erg.kz сайтынан алынды

1.11.2023, 10:44 155 Оразай Жеңісұлы

Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігінде жұмысшы қаза тапты. Бұл туралы Алау басылымы жазды.

Кеше WhatsApp мессенжерінде пайдаланушылар бір-біріне сурет тарата бастаған. Онда Рудныйдағы Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірісінде жұмысшыны ток соққаны айтылады. 

Оқиға «ССКБӨБ» АҚ аумағында болғанын кәсіпорынның баспасөз қызметі растаған.

«Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі аумағында темірбетон еденді бөлшектеу жұмыстары кезінде оқыс оқиға болып, мердігер жұмысшысы мерт болды. «ССКБӨБ» АҚ ұжымы мен басшылығы марқұмның отбасына қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Оқиға бойынша тергеу жүріп жатыр» - деп жазылған хабарламада.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив