KZ
Өскемен
-16°
пасмурно жел 1,4 м/с, В
498.34 519.72 4.85

Ұлттық қор – балаларға: арнайы шотқа алғашқы қаражат қашан түседі?

Фото: bugin.kz

17.11.2023, 16:04 294

16 қараша күні ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан балаларға арналған қаражатты есептеу, төлеу және пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР заңына қол қойды.

Дәл осы күні елімізде 20 миллионыншы азамат дүниеге келген болатын. Бұл туралы "Отбасы банк" Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

- Заң– 18 жасқа дейінгі балаларға Ұлттық қордан төлем қарастыруды көздейді. Бұл қаржы әрбір баланың арнайы шотына аударылады. Жобаны іске асыру 2024 жылдың қаңтарынан басталады, алғашқы қаражат 2024 жылдың ақпан айында түседі. Бұл қаржыны болашақта тұрғын үй сатып алуға немесе білім алуға жұмсауға болады, – деді ол.

Отбасы банк "Ұлттық қор – балаларға" жобасы операторларының бірі болып есептеледі.

- Президент азаматтарымызды, әсіресе балаларды, олардың болашағын қолдай отырып, тиісті заңға қол қойды, соның шеңберінде БЖЗҚ-да 18 жасқа дейінгі мақсатты жинақтарға арналған шот ашылады. Әр бала жыл сайын түсетін соманы көріп отырады, Ұлттық қордың инвестициялық кірісінің 50 пайызы Қазақстанның барлық баласына теңдей бөлінеді. Ол үшін ешқандай құжат тапсырудың қажеті жоқ. Мәліметтер мемлекеттік органдардың деректер базасынан алынып, кәмелетке толмаған қазақстандықтарға есепшот ашылады, – деп түсіндірді Отбасы банк басшысы

Ләззат Ибрагимова бір жыл бұрын, яғни заңға осы түзетулерді әзірлей бастағанда, елімізде 6,7 миллион бала болғанын, қазір бала саны 7 миллионға жеткенін атап өтті.

Келесі жылдың басында 18 жасқа толғандар бұл қаржыны пайдалана алады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу