Балаларға Ұлттық қордан бөлінетін ақша доллар түрінде сақталады
Фото: egemen.kz
Қазақстандағы 18 жасқа толмаған әр балаға келесі жылдан бастап Ұлттық қордан қаражат бөлініп, арнайы шотта доллар түрінде сақталатын болады.
Оны есепшоттан шешіп алу тек кәмелеттік жасқа толған соң мүмкін болмақ, деп хабарлайды Altaynews Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
— Ұлттық банк басқару органы ретінде тиімділікті арттыру бағытында тиісті жұмыстарды жүзеге асырып жатыр. Бұл қаражат жай жатпайды. Келесі жылдан бастап есептелетін барлық қаражат инвестицияланады. Сондай-ақ оларға инвестициялық кіріс түсіп, олар да доллармен сақталып отырады. Барлық қаражат Ұлттық қорда сақталып, бала 18 жасқа толған соң жеке есепшотына аударылады. Ал бала кәмелет жасқа толғанға дейін бұл ақша доллар түрінде Ұлттық қорда сақталады, - деп ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басқарма төрағасы Жанат Құрманов «Ұлттық қор – балаларға» жобасы бойынша қазіргі уақытта «Қазпошта», «Отбасы банкімен» қатар екінші деңгейлі банктердің де қызығушылық танытып отырғандарын атап өтті.
Оқи отырыңыз