Ranking.kz-тің мәліметінше, пандемияның бірінші жылында күрт көбейді, бірақ ол аяқталғаннан кейін де жағдай жақсармаған.
"Бұл үрдісті түсік жасату санының азаюымен емес, жасөспірімдік жүктіліктің көбеюімен түсіндіруге болады. Кәмелетке толмаған қыздарда жүктілікті жасанды тоқтату статистикасы соңғы жылдары аздап өзгерді, 12 айда 1,1–1,2 мың жағдай. Жалпы, статистика бойынша, 20 жасқа дейінгі аналардан туған балалардың үлесі аз: 3,3%. Былтыр 403,9 мың жаңа туған нәрестенің 13,2 мыңының анасы 20 жастан аспаған. Туған балалардың жартысынан көбі (55,9%) анағұрлым қолайлы репродуктивті жастағы — 25–35 жас аралығындағы әйелдерде дүниеге келген", - делінген Ranking.kz келтірген мәліметте.