KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
485.04 525.98 5.04

Жаңа жыл қарсаңында қосымша пойыздар жолға шығады – министр

фото: sputnik.kz

21.11.2023, 16:10 175 Оразай Жеңісұлы

Көлік министрі Марат Қарабаев қыс мезгілінде, әсіресе, жаңа жыл қарсаңында туындайтын билет тапшылығы мәселесі қалай шешілетінін айтты.

Мереке қарсаңында қосымша пойыздар жолға шығады. Оған қоса, әуе компаниялары да күшейтілген режимде жұмыс істейді, деп хабарлайды Аltaynews.kz  тілшісі.

- Әрине, жыл сайын оқу жылы басталғанда немесе аяқталғанда, жаңа жыл мерекесінде белсенділік күшейеді. Жыл сайын инфрақұрылымдық мүмкіндіктерге қарай, қосымша вагондар бөлінеді. Біз қосымша локомотив қоя алмаймыз. Қолда бардың бәрі – вагон кешені мен локомотивтер халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін тартылатын болады. Біздің авиакомпаниялар да күшейтілген жұмыс режиміне көшеді. Бұл сөзсіз. Кеше ғана, мысалы, Астана-Петропавл және басқа да бағыттар талқыланды. Жалпы еліміз бойынша 2068 вагон тартылып, әрбір бағыт бойынша БАҚ-қа қосымша хабарлап отырамыз, - деді министр.

Естеріңізге саламыз, биыл пойыздарда интернет қол жетімді. Соның нәтижесінде жолаушылар жол бойы фильм көріп, музыка тыңдай алады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив