KZ
Өскемен
-40°
туман жел 2 м/с, В
512.16 594.72 6.57

Көше ортасында көлік аударылып қалды – Өскемен

22.11.2023, 11:20 276 Оразай Жеңісұлы

Оқиға 21 қарашада Қабанбай батыр көшесінде болған, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

«LADA-21214 маркалы көліктің жүргізушісі екінші дәрежелі жолдан негізгі жолға шыққан кезде Lada-21905 маркалы көлікке жол бермей қойған. Соның салдарынан көліктер соқтығысып, біреуі аударылып қалған», - деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция деректеріне сүйенсек, жол апаты салдарынан адам денсаулығына зиян келмеген. LADA-21214 жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу