KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 1 м/с, С
487.24 529.34 5.02

ҰБТ-ға дайындалуға арналған тегін байқау сынақтары іске қосылды

Фото: kazpravda.kz

22.11.2023, 23:45 139 Анель Слямғазықызы

ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығы Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындалуға арналған тегін байқау сынақтарын іске қосты.

Тестілеу онлайн форматта орталықтың сайтында жүзеге асырылады, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.

Байқау сынағы оқуға түсушілерге ҰБТ-ға дайындалуға көмек ретінде әзірленді. Талапкерлерге ҰТО сайтында https://prob-ent.testcenter.kz/ сілтемесі бойынша тегін онлайн тестілеуден өту мүмкіндігі беріледі. Ол үшін тестіленушілерге тек ЖСН теріп, бейіндік пәндердің комбинациясын таңдап, байқау сынағына кірісу қажет. 

- Екінші жыл қатарынан Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ-ға дайындық үшін тегін байқау сынақтарын іске қосып отыр. Өткен жылы бұл тестілеу 2 млн рет тапсырылған еді. Байқау сынағын өткізу технологиясы негізгі ҰБТ технологиясына сәйкес келеді. Яғни талапкерлерге калькулятор, периодтық кесте және тұздардың ерігіштік кестесі қолжетімді. Сонымен қатар болашақ студенттер тест тапсырмаларының өзгертілген құрылымымен таныса алады. Бүгін біз тестердің 1 нұсқасын іске қостық, жақын арада база жаңартылатын болады, – деп атап өтті ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив